​Шымкенттің мешітінен Жұма намазында аяқкиімдер ұрланып жатыр

0
2 583

Бұған дейін де БАҚ-та мешітте болған ұрлық жағдайлары жарияланған болатын.


​Шымкенттің мешітінен Жұма намазында аяқкиімдер ұрланып жатыр

Бүгін Шымкент қаласында Жұма намазы кезінде мешітке барған жанның аяқкиімі ұрланып, үйіне жаздық аяқкиіммен қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы аяқкиімі ұрланған адамның жары өзінің фейсбук парақшасында жазды. Тапа-тал түсте Алланың үйі саналатын мешітте, сонымен қатар қасиетті Жұма күні аяқкиімсіз қалған отағасының күйіне ашынған ол әр мешітте осындай ұрлыққа жол берілуі мүмкін екендігін де айтады.

Аяқкиімін ұрлатқан ер кісі мешіттің бейнежазбасын қарауды өтінген екен, ондағылар камералардың істемейтіндігін айтқан.

«Бұған жауап беретін біреу бар ма? Қайтпек керек?» деп күйінеді жазба авторы.

Айта кету керек, автордың айтуынша, қасиетті күнгі Алланың үйінде болған аяқкиім ұрлығы Шымкент қаласының Түркістан көшесінде орналасқан мешітте болған.

фото: фейсбук әлеуметтік желісінен скриншот