Шымкенттің полицейлері жер аударып, гүл екті

0
2 119

Полицейлер «Қарттарға қолғабыс» атты үндеу қабылдап, әкімшілік аумақта мүмкіншілігі төмен қарттарға көмек көрсетті.


Шымкенттің полицейлері жер аударып, гүл екті

Шымкенттің полицейлері жер аударып, гүл егіп жүр. Көктемгі дала жұмыстарының көрігін қыздырған тәртіп сақшылары Шымқаланың мұқтаж қарттарына осылай қолғабыс жасауға бел буды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары офицерлер жиналысында «Қарттарға қолғабыс» атты үндеу қабылдап, әкімшілік аумақта мүмкіншілігі төмен қарттарға көмек көрсетті.

Сол қариялардың бірі Тұңғышбаева Алима апайдың үйіндегі ауласында полиция қызметкерлері жер аударып, жеміс ағашының көшеттерін отырғызды. Алима қарияның көптен бері ойында жүрген арманы - есік алдында раушан гүлін өсіру екен. Алима апайдың ауласында раушан гүлдері өсіп тұрса деген арманын полиция қызметкерлері орындады. Олар раушан гүлдері отырғызылған гүлзар орнатып берді.

"Еңбекші ауданының полиция басқармасымен бастау алған «Қарттарға қолғабыс» атты іс-шарасы ары қарай өз жалғасын табады", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.