Шымкенттің жаңа бас жоспары жұмыс кестесіне сай атқарылып жатыр

0
307

Бас жоспарға сәйкес қала 4 бағыт бойынша дамытылады.


Шымкенттің жаңа бас жоспары жұмыс кестесіне сай атқарылып жатыр

Шымкент – республикалық маңызы бар қала ретінде Бас жоспарының тұжырымдамасы қайта жасақталуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бас жоспарды әзірлеуші мекеме «Градкомплекс» ЖШС-гі. Ол мекемемен өткен жылы 116 280 га жерге М1:10000 масштабта топографиялық түсірілім жасалды. Бұл туралы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Архабаев қала әкіміне берген есебінде айтты.

Жаңа Бас жоспар жұмыс кестесіне сай атқарылып келетінін айтқан басқарма басшысы Бас жоспар жасақтау барысында жобалаушы мекеме мамандары Шымкент қаласының энергетика, жол-транспорт, құрылыс және басқа басқармалар мен келісе отырып жұмыс атқарылып жатқанын мәлім етті.
Баяндамада айтылғандай, Бас жоспарға сәйкес қала 4 бағыт бойынша дамытылады. Мәселен, Солтүстік бағытта орналасқан «Шымкент сити» аумағына 7 мектеп, 21 бала-бақша, 2 емхана, 503 көпқабатты тұрғын үй, «Солтүстік» тұрғын үй алабына 4 млн. шаршы метрден астам көпқабатты үй мен 10 000 орынды құрайтын мектеп, 6000 баланы қамтуға мүмкіндік беретін балабақша салынса, «Бозарық-2»-ге 1 млн. 300 мың шаршы метр болатын көпқабатты тұрғын үй, мектеп 8 500 орын, балабақша 4 500 орын, «Бозарық-3»-те 3 млн. 209 мың шаршы метр көпқабатты үй, 17 мың оқушыға шақталған мектеп пен 7 мың орындық балабақша және 2600 орындық емхана құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.
«Тұран» тұрғын үй алабында 7 мың орындық мектеп, балабақша 10 800 орын, 910,4 мың ш.м болатын көпқабатты тұрғын үй, ал «Әкімшілік іскерлік орталығы» -2 «Нуртас» т.а. аумағында 500 мың шаршы метр көпқабатты тұрғын үй мен 7 мыңнан астам балаға арналған мектеп, 3377 орындық балабақшаның құрылысы салынады деп күтілуде.
Сонымен бірге шығыс бағытта «Сауран» тұрғын үй алабы, орталық бағытта «Ескі қала» аумағы және оңтүстік бағытта «Ақтас» тұрғын алабын дамыту жоспарлануда.