Шымкенттте жастар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

0
144

Ардагерлер әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті.


Шымкенттте жастар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Биыл Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығына орай, Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжі студенттері Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды.
Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен кездесуде ардагерлер әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісіп, жас сарбаздардың ерліктері туралы баяндады. Сондай-ақ, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ардагерлермен естелік суретке түсті.