«Shymqala» этноауылында этно-танымдық шара өтті

0
897

Іс-шара аясында биені сауудағы атқарылатын ғұрыптар, қымыз дайындау процесі көрсетілді.


«Shymqala» этноауылында этно-танымдық шара өтті

«Shymqala» этноауылында «Биебау» этно-танымдық шарасы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шарада қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығын насихатталып, әрі ұмытылуға айналған ұлттық мерекені жарыққа шығару, жас ұрпаққа салт-дәстүрлеріміздің мән-мағынасы кеңінен таныстырылды.
Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен іс-шара аясында биені сауудағы атқарылатын ғұрыптар, қымыз дайындау процесі көрсетілді. «Үкілі» әжелер мен орталық қызметкерлері «Биебау» дәстүрінен көріністер қойды.
Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі, әйелдер арасында «қатын күрес» ойыны, балаларға «асық» ойындары, «мешкейлер» сайысы өтті. Үлкендер қымыздан дәм татып, келелі әңгіме айтты. Іс-шара соңы «Алтыбақан» ойын-сауығына ұласты.