​«Сөйлесеміз ғой, өшіре салыңызшы»: Шымкенттің ірі сауда орнында көгеріп кеткен балалар тағамы сатылған (видео)

0
2 040

«Міне, жақсылап көріп алыңыздар... «Фиркан», Шымкент-Плаза» дейді автор.


​«Сөйлесеміз ғой, өшіре салыңызшы»: Шымкенттің ірі сауда орнында көгеріп кеткен балалар тағамы сатылған (видео)

фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласының ірі сауда орындарының бірінде сатылған балаларға арналған тағам бүлініп, көгеріп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісінде видео жарияланды. Бейнежазбада сауда орталығының атауы анық байқалады. Сатып алушы өзінің 9 айлық немересіне 4 йогурт сатып алғанын, оның ішінде біреуінің қаптамасы жыртық болғанын да айтады. Сол жерде оның ақшасын төлемей кеткен.

Сонымен қатар, йогурттың бірінің беті көгеріп кеткенін үйіне барып ашқан соң көрсе керек, оны қайтып сауда орнына алып келген. Оны бейнежазба авторы өз сөзінде айтып өткен.

«Міне, жақсылап көріп алыңыздар... «Фиркан», Шымкент-Плаза» дейді автор.

Бейнежазбада сондай-ақ ер-адамның «Сөйлесеміз ғой, өшіре салыңызшы» деген де дауысы жазылған. Соған қарағанда, сатып алушының видеоға түсіргенін қаламаған болуы керек.

«Тоғыз айлық балаға алып тұрмын мен мынаны» деп күйіне сөйлейді автор көгеріп, адам қарағысыз күйге түскен балалар тағамын ұстап тұрып.


Видео әлеуметтік желіден алынды