«Тәуелсіздік – бабалар аманаты»: Шымкентте «Күміс домбыра» байқауы өтеді

0
418

Айтыскерлер 6 қазан күні бақ сынайды.


«Тәуелсіздік – бабалар аманаты»: Шымкентте «Күміс домбыра» байқауы өтеді

Бүгін Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев пен ақын, «Дарын» сыйлығының иегері Біржан Байтуовтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Баспасөз мәжілісінде Ерлан Садырбайұлы республикалық деңгейде өтетін байқау туралы хабарлады.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы мен «Күміс қалам» поэзиялық кеші өтеді. Ережеге сәйкес аталмыш байқауға республиканың 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 айтыскер мен 30 жазба ақыны қатысуға ниет білдірген. Осы ретте нәтиже бойынша 16 айтыскер және 20 жазба ақын іріктелді. Айтыскерлер осы жылдың 6 қазан күні, ал жазба ақындар 5 қазан күні өтетін додада бақ сынайды, – деді Ерлан Садырбайұлы.
Спикердің сөзінше, айтыстың бірінші кезеңінде (түске дейін) 16 ақын бір-бірімен жұптасады. Бұл ретте 8 жұп 20-25 минут көлемінде айтысады. Қазылар алқасының шешімімен финалға 8 немесе 6 айтыскер жолдама алады. Ал финалда (түстен кейін) жалпы 4 немесе 3 жұп 15 минут көлемінде айтысып, жеңімпаз анықталады.