Тәуелсіздік күні мерекесінде шымкенттік ардагерлер құрметке бөленді

0
1 028

300-ге жуық ардагер мерекелік дастархан басында Тәуелсіздікке дейінгі өмірлерін еске алды.


Тәуелсіздік күні мерекесінде шымкенттік ардагерлер құрметке бөленді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай қаламыздың ардагерлеріне құрмет көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген ардагерлерді марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үшінші мегаполистің тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамай, ұдайы игі бастамалардың бел ортасында жүрген аға буынның еңбегі ерен екенін айтқан қала басшысы егеменді ел болып қалыптасудағы еңбектерін айрықша бағалайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Ташқараев, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов те бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттады.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері сынды қаладағы 300-ге жуық ардагер мерекелік дастархан басында Тәуелсіздікке дейінгі өмірлерін еске алып, бүгінде ұрпағы бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанына қуанатынын айтты.