«Tazalike»: Шымкенттік жастар тазалық жұмыстарын жүргізді

0
489

Жастары үй маңайлары мен көше бойларын тазалады.


«Tazalike»: Шымкенттік жастар тазалық жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен «Tazalike» акциясы аясында аудан жастары үй маңайлары мен көше бойларында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты – қоршаған орталықты абаттандыру мен экологиялық тазалықты сақтау. Жастарды қала тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағында жасыл желекті көбейтуді тапсырған болатын.Осы мақсатта қалада магистральді көшелер көгалдандырылып, жасыл желектер ретке келтірілуде. Арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштарға күтім жасауда. Көгалдандыру шараларына 270 жұмысшы, 28 техника және 176 көгалшапқыш жұмылдырылды.

Қазіргі таңда Тұран ауданы аумағындағы айналма жолдардың жиегі көпжылдық гүлдермен көмкерілуде. Сальвияның - 6 000, цинерарияның - 2500, остеоспермумның - 1500, шафранның - 6000 данасы белгіленген аумақтарға отырғызылуда. Алдағы уақытта арнайы орындарға жалпы саны 550 мың түп көпжылдық және біржылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда. Көріктендіру шараларына жұмысшылар мен техникалар жұмылдырылып, агрономдар мен дизайнерлер атсалысуда.

Ал, Қаратау ауданында тұрғындардың қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Одан бөлек, аудан аумағында 3 аллеяның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар.

Айта кетейік, қалада “Қызғалдақтар маусымы” басталды. Үшінші мегаполистің символына айналған қызғалдақтар бүгінде бүр жарып, қаланың көркін айшықтай түсті. Сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 миллион данасы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға отырғызылды. Голланд қызғалдақтары әр ауданға орташа есеппен 200 мың дана егілді. Сондай-ақ, биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар.