«ТМД елдерінің мәдени астанасы»: Брест эстафетаны Шымкентке табыстайды

0
2 427

ТМД елдерінің үздік өнерпаздары өнер көрсететін мерекелік концерт өтеді.


«ТМД елдерінің мәдени астанасы»: Брест эстафетаны Шымкентке табыстайды

«ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасы Шымкентке беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Беларусь Республикасының Брест қаласы 9 желтоқсанда «ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасын Ленин комсомолы атындағы Брест академиялық драма театрында Шымкентке табыстайды. Сонымен қатар, ТМД елдерінің үздік өнерпаздары өнер көрсететін мерекелік концертке «Достастық дебюттері» премиясының лауреаттары қонақ ретінде шақырылған.

Сондай-ақ, Бресттегі «ТМД мәдени астанасы – 2019» жабылу салтанатына ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының, ТМД гуманитарлық ынтымақтастық қоры мен кеңесінің басқарма мүшелері қатысады және қонақтар «Брест қорғаны» мемориалдық кешеніне барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды.