"Трамптың логотипі": Шымкенттік компания көптің сынына ұшырады

0
986

Компания директоры Төлем картасының Америкалық нұсқаға ұқсастығын интернетте пайда болған шудан кейін ғана білген.


ERNUR.KZ. Желі қолданушылары Төлем картасына Трамптың логотипін ұрлаған деп жазуда. Қолданушылардың пікірінше, логотипті төрт жыл бұрын Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде пайдаланған, деп хабарлайды, КТК арнасы.

Түпнұсқа америкалық логотипті бір уақытта свастикамен салыстырған. Сондықтан Шымкенттік компанияның символы екі есе сынға түсті. Эмблеманың нақты авторы жоқ екені белгілі болды.

Компания директорының айтуынша, логотипті әзірлеуге барлық қызметкерлер ой қосқан. Олар Америкалық нұсқаға ұқсастығы туралы интернетте пайда болған шудан кейін ғана білген. Сонымен бірге, компания иелері әзірге шетелден ешқандай шағымдар түспегенін атап өтті.

- Егер болса, сөйлесеміз. Бірақ алдымен біз халық туралы ойлаймыз. Егер халық, шу шығарса, біз оны өзгертуге дайынбыз. Уақыт көрсетеді. Заңды мәселелер бойынша не істей аламыз? Бәрін істеуге дайынбыз, - деді "QazSmartTrans" ЖШС директоры Сержан Ақылбаев.