​Туған қызын пышақтаған әке өкінішін жеткізді

0
1 529

Пышақ соққысы қыздың оң жақ өкпесін жарақаттаған.


​Туған қызын пышақтаған әке өкінішін жеткізді

сурет: nur.kz

Шымкентте 28 жастағы туған қызын пышақтаған әкеге қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1960 жылы туған Шымкент қаласы Қазығұрт шағынауданының тұрғыны туған қызын пышақпен жарақаттап, аса ауыр залал келтіргені үшін ҚР ҚК нің 106 бабы 1-ші бармағымен айпталуда.

Асханадағы ыдыс аяқтың қатты сылдыры әке мен қызының арасындағы кикілжіңнің туындауына себеп болған көрінеді. Жұмыстан шаршап кеп жантайып демалып жатқан әкесіне асүйдегі қызының қылықтары ұнамай қалады. Ыдыс аяқ жуып жатқан оған "жайырақ" деп ескертеді. Бір емес, бірнеше рет ескерту жасап, әбден ашуға мінген әкесі қызына дауыс көтереді. Сол кезде қызы да әкесіне қарай қолындағы пышағын сермелей жауап қайтарады. Қаны қарайған 58 жастағы ер адам қызының қолындағы пышақты жұлып алып, перзентінің арқасына екі рет тығып алады. Пышақ соққысы қыздың оң жақ өкпесін жарақаттаған. Облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері пышақталған қызды аман алып қалған.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында қаралып бастаған сот процесінде бауыр еті баласын пышақтаған әке шын өкінетіндігін айтып, кінәсін толық мойындаған.