«Тұғыры биік тұлғалар»: Шымкентте республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

0
1 766

Конференцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларының ғалымдары арнайы шақырылған.


«Тұғыры биік тұлғалар»: Шымкентте республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Шымкентте қоғам қайраткерлері С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың 125 жылдығына арналған «Тұғыры биік тұлғалар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылы ұлтымызға қызмет етудің ұлық үлгісін көрсеткен қазақтың ардақты ұлдары, мемлекет қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толды.

Осыған орай Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған конференцияны тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық түркі академиясының президенті, «Egemen Qazagstan» республикалық газетінің басқарма төрағасы Д.Қыдырәлі жүргізді.

Аталған конференцияға Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов, профессор Оразалы Сәбден, Б.Қойшыбаев, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазіретәлі Тұрсын, соныме қатар филология ғылымдарының кандидаты Н.Нұрпейісов, доцент С.Кәрібаев қатысты.

Сондай-ақ, аталған конференцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларының С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың өмір жолдарын зерттеумен айналысып жүрген ғалымдары арнайы шақырылған.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен С.Қожанов пен Т.Рыскұлов туралы тарихи тың деректер арнайы кітапқа басылып, іс-шара қатысушыларына ұсынылады.