«Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

0
844

Сотталушы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты жеке мақсатта пайдаланған.


«Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты «Тұрғын үй» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Мухаметжанға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Cот М.Мұхаметжанды бөтен біреудің сеніп тапсырған қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп таныды. Сот процесі барысында анықталғандай, сотталушы қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорынның директоры бола тұра, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты жеке мақсатта пайдаланып, 30 миллион теңге шығын келтірген. Дәлелдерді негізді деп есептей отырып, сот Мұхтар Мұхаметжанды бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үкім туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Талғат Қахаров:

«Сот Мұхтар Мұхаметжанды 8 жылға бас бостандығынан айырды. ҚР ҚК 121-бабы бойынша (жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) жабық процесс болғандықтан, түсініктеме бермеймін», - деп мәлімдеді.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.