«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ның басшылары ұсталды (видео)

0
2 582

Аталған тұлғалар «Нұрлы-жер» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясындағы Шымкент қаласының тұрғын үйлеріне жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстар жүргізуіне шарттар жасағандығы үшін 5,1 млн. теңге сомасындағы заңсыз сыйақылар алғандығы үшін күдікті деп танылуда.


«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ның басшылары ұсталды (видео)

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ның директоры Мұхамбетжан және оның орынбасары Бақбергенов ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл кәсіпорын Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты кәсіпорын болып табылады.

«Аталған тұлғалар «Нұрлы-жер» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясындағы Шымкент қаласының тұрғын үйлеріне жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстар жүргізуіне шарттар жасағандығы үшін 5,1 млн. теңге сомасындағы заңсыз сыйақылар алғандығы үшін күдікті деп танылуда. Жалпы бұл мердігерлік жұмыстар жүргізуге бөлінген 34 млн. теңгенің 15% құрайды», - деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұржан Жахин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.