Түркістан облысының әкімі шымкенттік құрылысшыларға ризашылығын білдірді

0
937

Шымкенттік құрылысшылар Арыс қаласын қалпына келтіру жолында белсенді еңбек етіп жатыр.


Түркістан облысының әкімі шымкенттік құрылысшыларға ризашылығын білдірді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов пен қала құрылысшыларына алғыс хат жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған хатта Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы қала әкімі мен құрылысшылардың Түркістан қаласын түркі әлемінің рухан-мәдени орталығы ретінде қалыптасуы мен Арыс қаласын қалпына келтіру жолында белсенді еңбек етіп жатқандары үшін алғысын айтып, жылы лебізін білдірген.

«Құрметті Ерлан Қуанышұлы! Сізді және бүкіл Шымкент қаласының құрылысшыларын киелі Түркістан шаһарындағы құрылыс алаңдарында және Төтенше жағдай жарияланған Арыс қаласында еңбек етіп жатқан барлық құрылысшылар мен қызметкерлерді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына бақыт, атқарып жатқан абыройлы жұмыстарына табыс тілеймін! Келешекте еліміздің өркендеуіне және дамуына қарқынды үлес қоса беретіндеріңізге зор сенім артамын!», - делінген алғыс хатта.