ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданынан келген тасқын су Шымкентке жетті

0
5 983

Қаладағы 60 үйдің тұрғыны эвакуациялаған.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданынан келген тасқын су Шымкентке жетті

Түркістан облысы Төлеби ауданында тасыған нөсер суы Шымкент аумағына жетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінгі сағат 22.50. дейінгі мәлімет бойынша Түркістан Төлеби ауданынан тасыған су Шымкент қаласының аумағына да жеткен. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Елтай елдімекенінде жауын салдарынан арықтың тасуы тасыған.

Төтеншеліктер су Толеби ауданынан келуде деп мәлімдеді. Салдарынан 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 шаруашылық нысан қирады. Аталған елдімекенде Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

"Департаменттің күштерімен су сору жұмыстары жүргізілуде, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күштерімен арықтардың механикалық тазарту жұмыстарын жүргізілуде," - деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Су басқан аумақтан 60 үйдің тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 150 тұрғын туған-туыстарына, тағы 150 тұрғын эвакуациялық жиналу пункттеріне эвакуациялаған.

"Тоғыс е/м-де орналасқан №120 орта мектебінің және №119 орта мектептерде ұйымдастырылған ЭЖП-леріне эвакуациялануда. Қаза тапқандар және жарақат алғандар жоқ. (Тұрғын үй аулаларындағы судың деңгейі 20-50 см-ді құрайды) .Қазіргі уақытта, судың келу деңгейі 3-5 м.куб," - дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды. Оқиға орнында ТЖД 57 қызметкер және 14 дана техника, 14 дана МП-100 төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған. Айта кетейік, «Тоғыс» су қоймасының жобалық сыйымдылығы 4,6 млн. текше метр. 1964 жылы қолданысқа енгізілген су қоймасындағы бүгінгі судың көлемі 2 млн. текше метрді құрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Төлеби ауданында жауын-шашын салдарынан су тасқыны болып, 4 көпірді шайып кеткен болатын.