​Үйінде 1,5 келіден астам марихуана сақтаған шымкенттік ұсталды

0
724

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


​Үйінде 1,5 келіден астам марихуана сақтаған шымкенттік ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өз үйінде есірткі затын сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдың 20 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Көкнәр-2019» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу барысында қала тұрғынының үйінде жалпы салмағы 1,5 кг-нан астам «марихуана» есірткі затын тауып, тәркіледі.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.