"Ұйықтап жатқан": Шымкентте 12 жасар қыз өртке оранған үйден егіз бауырын аман алып шықты

0
523

Бұл кезде ата-анасы көрші үйге сүт алуға кеткен.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы, Қайнар бұлақ саяжайы, Зеленая көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына барған өрт сөндірушілер көлемі 20 шаршы метр бөлмеде үй заттары және 1 дана ауа баптағышы жанғандығын анықтаған.

Өрт болған кезде үйде 12 жасар қыз бен оның егіз інілері болған. Ол өртті өздігінен өшіруге талпынғанымен, қызыл жалын күшті болған. Содан соң, ұйықтап жатқан егіз бауырын түтінге тола үйден шығарып алған.

"Жасөспірім қыздың жасаған ерлік іс-әрекеті Шымкент қаласы ТЖ департаменті басшылығы назарынан тыс қалдырмай, 2010 жылғы Анна Юрьевна Саворовскаяны марапаттауға ұсынып отыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнында өрттің шығу себептері анықталды. Ауа баптағыштың қысқа тұйықталуынан өрт шығып, бөлмедегі тез жанатын үй заттары өртенген.