Ұлттық бюро департаментінің тергеушісі он жылға бас бостандығынан айрылды

0
1 309

Сот үкімі бейнеконференцбайланысы арқылы Қазақстан республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің барлық қызметкерлерінің қатысуымен оқылған.


Ұлттық бюро департаментінің тергеушісі он жылға бас бостандығынан айрылды

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық соты тергеуші әйелді он жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол бұрын сыбайлас жемқорлықпен күрес Ұлттық бюросының Шымкент қалалық департаментінде аса маңызды істер бойынша тергеуші қызметін атқарған.

Сотталушы Б-ның қызметтік өкілеттігі бойынша айғақты заттарды тіркеп есепке алу, сақтау міндеті болған. Бұл талаптарды бұзған ол айғақты дәлел ретінде өзіне сеніп тапсырылған 84 млн теңге ақшаны иемденіп, талан тараж еткен.

Сот тергеуі кезінде экс тергеушінің кінәсі толық дәлелденген. Сот үкімімен сотталушы, яғни бұрынғы тергеуші ҚР ҚК нің 189 бабының 4-ші бөлігі 2-ші тармағымен кінәлі деп танылып он жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік мекемелерде және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды.

" Сотталушы сот үкімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің 2-ші шендік дәрежесінен айырылды. Үш ай мерзім ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің пайдасына 81 509 646,76 теңге материалдық шығынды төлеуге міндеттелді,"-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі бейнеконференцбайланысы арқылы Қазақстан республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің барлық қызметкерлерінің қатысуымен оқылған. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.