Ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

0
2 720

2016-2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған.


Ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

фото: e-kyzylorda.gov.kz

ERNUR.KZ. Ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Жамбыл облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР МҚІСЖҚА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Мұрат Қарымсақов тағайындалды.

Мұрат Қарымсақов 1967 жылы 1 қаңтар күні ШҚО Зырьяновск қаласында туылған.

1994 жылы РФ Федералдық қарсы барлау қызметі академиясын бітіріп, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.

2014-2016 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болған.

2016-2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының мемлекеттік қызметшілерді жүйелі түрде ротациялау туралы нұсқауын орындау үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелері қызметінің нәтижелілігін арттыру мақсатында Агенттік Төрағасы 8 аумақтық департаменттің басшысын ротациялау туралы шешім қабылдады.