Ұлттық Мектеп Лигасы: Шымкент қаласы 2-орынды иеленді

0
669

Спорттың 10 түрінен өткен сайыстан оқушылар 10 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иемденді.


Ұлттық Мектеп Лигасы: Шымкент қаласы 2-орынды иеленді

Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық Ұлттық Мектеп Лигасының жалпы қорытындысы бойынша Шымкент қаласы жүлделі 2-орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Спорттың 10 түрінен өткен сайыстан оқушылар 10 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иемденді. 4 кезеңнен тұрған жарыстың ақтық мәресіне 360 шымкенттік оқушы қатысқан.
Жарыстың мақсаты - мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылданушыларды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау,бұхаралық спортты дамыту, спорт түрлері бойынша үздік мектеп командаларын анықтау.
Еске сала өтсек, Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен (баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, футбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі, президенттік сынама) жас ерекшеліктері бойынша «Ұлттық Мектеп Лигасының» қалалық кезеңі ақпан-сәуір айларында өткізілген болатын.