ҰЛТТЫҚ ЖОБА: Шымкентте 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан

0
569

Жыл соңына дейін 19 мыңнан астам адамды бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып отыр.


ҰЛТТЫҚ ЖОБА: Шымкентте 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан

Шымкентте ұлттық жоба шеңберінде 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің келтірген мәліметіне сәйкес, мегаполисте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан бүгінгі таңға нақты 22 489 адам қамтылып, жоспар 67,1% орындалды.

Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын дамытуға бағытталған жоба аясында азаматтарды кәсіби білім беру бойынша оқуға жолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бастау Бизнес» жобасы мен өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін 19 мыңнан астам адамды бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып, бүгінде 5293 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Ұлттық жобалар және азаматтардың жеке бастамалары негізінде қалада биыл 23 420 жұмыс орнын құру көзделген. Оның бүгінге дейін 12 500-ге жуығы ашылған, оның 12 203-і – тұрақты жұмыс орындары. Ұлттық жобалар аясында халықты жұмыспен қамту шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, былтыр қалада «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған 1096 азамат қазір өз қызметін салық органдарында тіркеп, есептерін тапсырған.
Мамандар қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатысты ұдайы тексеру жүргізіп отырады.
Басқарма тарапынан былтыр грант алған 893 азаматтың кәсібіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 827 азамат жұмыс орнын ашып, қосымша 25 азамат жұмыспен қамтылды.

Биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лекте 6 мыңға жуық азаматтан өтінім түсіп, 227-не оң шешім қабылданған.