«Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті»: Шымкентте көрме өтеді

0
1 165

«Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде өткізіледі.


«Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті»: Шымкентте көрме өтеді

Шымкент қаласында жылжымалы көрме ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шара Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде «Отырар» Мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» тақырыбында ұйымдастырылмақ.

Көрмеде көне өркениет тарихынан хабар беретін мұражай қоры жинағындағы ортағасырлық жәдігерлер - асханалық бұйымдар, зергерлік заттар және басқа да көне тұрмыста қолданылған археологиялық түпнұсқа жәдігерлер көпшілік көрермен назарына ұсынылады.