Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігі Шымкент қаласымен ынтымақтастық орнатуға дайын

0
286

Инвестиция тарту – қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі.


Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігі Шымкент қаласымен ынтымақтастық орнатуға дайын

Шымкент қалалық әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Джейн Личпен арнайы ресми кездесуі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу мақсаты – елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа перспективаларын айқындау.

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар Қазақстан тәуелсіздік алған күннен басталған. Бұл жылдар аралығында мемлекетаралық байланыс сындарлы түрде нығая түсті.
Мәселен, екі ел ынтымақтастығының бір көрсеткіші – қалалар арасында тығыз байланыс орнату. Стивендж қаласы мен Шымкент бауырлас қалалар. Екі қала арасында бұл күнде туризм бағыты бойынша байланыс бар.
Кездесу сәтінде қала әкімінің орынбасары Н.Ергешбек елшілік өкілдеріне қаланың экономикалық әлеуетін таныстырып өтті.
Инвестиция тарту – қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында екі елдің инвестициялық әлеуеті мен тартымдылығы туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру қажет екені айтылды. Кездесу нәтижесінде екі ел арасында игілікті жобалар жүзеге асады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласымен Қытайдың Сиань қаласының да бауырластық байланысы орнаған болатын. Шілде айының 4-7 күндері аралығына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов бастаған делегация құрамында кәсіпкерлік, цифрландыру, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау саласы басшылары мен аудан әкімдері және қалалық маслихат депутаттары мен білім беру және бизнес өкілдерімен бірге жұмыс сапары өтті.

Іс-сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған «өзара серіктестік орнату» туралы меморандумға сәйкес, тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу.
Шара барысында Шымкент пен Сиань әкімдіктері, қалалық Мәслихат пен Халық құрылтайы өкілдері, Жоғары оқу орындары, жеке және орта бизнес өкілдері арасында екі жақты В2В кездесулері ұйымдастырылып, өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, арнайы озық технологиямен жабдықталған арнайы кәсіпорындарды аралайды.