Ұрланған алматылық көлік Шымкенттен табылды

0
415

Оқырмандардың бірі темір тұлпарды Шымкент көшелерінде көргенін айтқан.


Ұрланған алматылық көлік Шымкенттен табылды

ERNUR.KZ. Шымкентте полицейлер алматылық тұрғынның ұрланған көлігін тауып берді.


Қымбат маркалы автокөліктерді жалға берумен айналысатын ер адам Абай АПБ-на көмек сұрап жүгінді. Ол, кезекті клиенттерінің бірі Hyndai Sonata маркалы көлігін ұрлап кеткенін жеткізді.

Жәбірленуші бұл туралы алматылық полицейлерге арызданған және өз бетінше әлеуметтік желіде іздеу салған.

Кейін оқырмандардың бірі темір тұлпарды Шымкент көшелерінде көргенін айтқан. Ақпараттың рас-өтірігін тексеру үшін ер адам түнгі рейспен мегаполиске жетіп, Абай АПБ-ның тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

Полицейлер ЖБО-ның бейнебақылау камералары арқылы шаһар көшелерін тексеріп, автокөліктің жүрген бағытын анықтады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде патрульдік полиция полкінің 3-рота қызметкерлері көлік құралын жарты тәулік ішінде тауып, иесіне қайтарды.