«Ұрпақтар ұмытпайды...»: Шымкентте республикалық синхрон-видео дәрісі өтті

0
631

Видео лекцияға еліміздің 7 аймағынан 70-ке жуық профессор-оқытушы қатысты.


«Ұрпақтар ұмытпайды...»: Шымкентте республикалық синхрон-видео дәрісі өтті

Шымкентте 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Республикалық «Ұрпақтар ұмытпайды...» атты синхрон-видео дәрісі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дәрістің өтуіне М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығы мен «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды. Республика көлемінде ұйымдастырылған дәріске Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰ университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, ҚХА Кеңесі мүшесі, Қазақстан славян этностары Бірлестігінің төрағасы Владимир Бажко бейнебайланыс арқылы қатысты.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Бағлан Илесов, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың бірінші проректоры Қайрат Нұрманбетов пен оқытушылар, студенттер бас қосты. Іс-шара өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрметке, отансүйгіштікке тәрбиелеп, Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Алғыс айту күнінде өткенге тағзым етуді де дәстүрге айналдырсақ. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған этностарды қазақ халқы жатсынбай, оларға көмек қолын соза білді. Бабалардың адамгершілік қасиетінің арқасында бүгінгі күн мереке мен берекеге айналды. Бұл игі істі жас ұрпаққа дәріптеп, естен шығармауымыз керек, - деді Қайрат Еңбекшіұлы.

Айта кетейік, видео лекцияға еліміздің 7 аймағынан 70-ке жуық профессор-оқытушы қатысты.