Үшінші мегаполисте абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
295

Аталған алаңшаның құрылыс жұмыстары «Нуреке Азия Бизнес» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Үшінші мегаполисте абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Қаратау ауданында көркейту, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы мақсатта аудан аумағындағы «Ақжайық» шағынауданының №63/27, 69/36, 69/37, 69/38, 69/40, 69/43,69/ 44 тұрғын үй аулаларында іске асып жатқан балалар ойын алаңшасының абаттандару жұмыстарымен Қаратау әкімінің орынбасары Қ.Қалдықараев аралап көрді. Тұрғындармен кездесіп, үйлердің ауласында атқарылатын абаттандыру жұмыстарымен таныстырды.

Аталған алаңшаның құрылыс жұмыстары «Нуреке Азия Бизнес» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2021жылы қараша айының соңына аяқтау жоспарлануда.