Үшінші мегаполисте көмір қоры жеткілікті

0
430

Шымкенттіктер биыл көмірді 6 жерден сатып ала алады


Үшінші мегаполисте көмір қоры жеткілікті

Шымкент қаласында көмір қоры жеткілікті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1908-сі, яғни 98% жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.
Орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған елдімекен тұрғындары жылыту маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 62 мың тонна көмір бар. Алайда, қалаға көмір тасымалдаушы мекемелердің («Насыров» ЖК, «Қосжанов» ЖК, «Азамат мұнай» ЖШС, «COALBAG» ЖК, «Қазығұрт» ЖК) қоймасында 35 мың тоннадан астам көмір бар. Тұрғындардың қажеттілігіне қарай көмір тасымалданатын болады. 1 тонна көмірдің бағасы 9500 - 15 000 теңге аралығында.
Шымкенттіктер биыл көмірді 6 жерден сатып ала алады. Қатты отынды сақтау және тарату орындарының үшеуі Достық тұрғын алабы Яссауи көшесінде орналасқан. Сонымен бірге, Қызылсай тұрғын алабы Жібек жолы көшесінде, Қойкелді батыр көшесі және Клара Цеткин көшесінде бар.