«Ұстаздар ұлы тұлға»: Шымкентте студенттердің қатысуымен іс-шара өткізілді

0
387

Іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Абай ауданы мамандарының ұйымдастыруымен өткізілді.


«Ұстаздар ұлы тұлға»: Шымкентте студенттердің қатысуымен іс-шара өткізілді

Шымкент қаласында «Ұстаздар ұлы тұлға» атты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Абай ауданы мамандарының ұйымдастыруымен және "Энергетика және байланыс колледжі" студенттерімен бірлесе отырып өткізілді.

Аталған шараның мақсаты - білім нәрін бойларына сіңіріп отырған ұстаздарына алғыс айтып, ән мен биден өз өнерлерін ортаға салып, күнделікті қызығы мен қиындығы мол жұмыстан, бір сәт серпіліп, азда болса көңіл-күй сыйлау болатын.