«Үздік жастар - 2021»: Шымкентте 5 бағыт бойынша үздіктер анықталады

0
660

«Үздік жастар - 2021» премиясына 14 пен 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.


«Үздік жастар - 2021»: Шымкентте 5 бағыт бойынша үздіктер анықталады

Шымкентте 10 және 30 қараша күндері аралығында «Үздік жастар - 2021» премиясы байқауы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Үздік жастар - 2021» премиясына Шымкент қаласының 14 пен 29 жасқа дейінгі азаматтары 5 бағыт бойынша келесі номинацияларға қатыса алады:

Білім және ғылым саласы:

1. «Үздік жас мұғалім»

2. «Үздік ЖОО студенті»

3. «Үздік ОАОО студенті»

4. «Үздік оқушы»

5. «Үздік «Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы (төрайымы)»

6. «Үздік жас ғалым»

7. «Үздік өзін өзі басқару ұйымы»

8. «Үздік ЖОО немесе ОАОО жас мұғалім»

Мәдениет, өнер және спорт саласына:

9.«Үздік жас ақын»

10. «Үздік жас хореограф»

11.«Үздік жас спортшы»

12.«Үздік жас пікір сайысшы»

13.«Үздік жас суретші»

14.«Үздік жас жайдарманшы»

15.«Үздік шығармашылық ұжым»

16.«Үздік жас спорт жаттықтырушы»

Ақпараттық қамтамасыз ету саласында:

17. «Үздік жас оператор»

18. «Үздік жас журналист»

19. «Үздік жас редактор»

20. «Үздік жастар бағдарламасы»

Халыққа қызмет көрсету, құқық қорғау саласында:

21. «Үздік жас мемлекеттік қызметші»

22.«Үздік жас құқық қорғаушы»

23. «Бейбіт өмір батыры» (төтенше жағдай бойынша)

24.«Үздік жас өндіріс маманы»

25.«Үздік жас кәсіпкер»

26. «Үздік жас дәрігер»

Қоғамдық өмір саласында:

27.«Үздік жас волонтер»

28.«Үздік жас отбасы»

29.«Үздік қоғамдық ұйым»

30. «Корпоративтік волонтер»

Құжаттарды қабылдау 2021 жылы 10 қараша – 30 қараша аралығында Шымкент қаласы Түркістан көшесі 1 «Жастар ресурстық орталығы» мекен-жайында қолма-қол қабылданады.