​«ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ–2023»: шымкенттік ұстаздарға құрмет көрсетілді

0
768

республикалық «Үздік педагог–2023» байқауының жеңімпаздары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік мамандары марапатталды.


​«ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ–2023»: шымкенттік ұстаздарға құрмет көрсетілді

ERNUR.KZ. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Үздіктер шеруі–2023» салтанатты шарасына қатысып, биылғы жылдың қорытындысы бойынша білім саласында кәсіби жетістіктерге жеткен жеңімпаздарды марапаттады.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында өткен марапаттау рәсімінде республикалық «Үздік педагог–2023» байқауының жеңімпаздары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік мамандарына құрмет көрсетілді.


«Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген ұлағатты сөзіне Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы қайта жан беріп, педагог мәртебесін көтеру мақсатында арнайы Заңға қол қойды. Қазіргі таңда қаламызда білім беру саласында 30 000-нан астам педагог 400 000-ға жуық оқушының бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуы үшін қызмет атқаруда. Ұстаз еңбегі өте маңызды да күрделі екені даусыз, ол терең білім мен үлкен шеберлікті, жүрек жылуы мен күш жігерді қажет ететіні бәрімізге аян. Ендеше, балаларымызға беріп отырған білімдеріңіз бен ұлағатты тәлімдеріңіз жарқын болашаққа жол ашсын! Тәуелсіз Қазақ елінің дамуына қосқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін», – деді қала әкімі.

Сый-құрметке бөленгендердің арасында білім мекемелерінің өнер, спорт бағыттарындағы үздік педагогтері мен VІІІ республикалық «WorldSkills Kazakhstan–2023» чемпионаты және «Ұлттық Мектеп Лигасының» жеңімпаздары да бар.