Заңды белшесінен басқан шымкенттік құрылыс компаниясына айыппұл салынды

0
1 648

Компания жаңадан соғылып жатқан тұрғынүйден пәтер алуға ниеттілердің ақшасын заңсыз пайдаланған.


Заңды белшесінен басқан шымкенттік құрылыс компаниясына айыппұл салынды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік «Feb group» ЖШС құрылыс компаниясы пәтер алуға ниеттілердің ақшасын құрылысқа заңсыз пайдаланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласындағы «Feb group» ЖШС құрылысы аяқталмаған «Көкжайлау» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін сату-сатып алу келісім шартын жасап, жаңадан соғылып жатқан үйден пәтер алуға ниеттілердің ақшасын құрылысқа заңсыз пайдаланған. Енді, сот шешіміне сәйкес заңды белшеден басқан «Feb group» ЖШС қомақты айыппұл төлейтін болды.

Аталған заң бұзушылық туралы Шымкент қалалық прокуратурасы мәлімдеме жасады.

«Қаратау ауданы прокуратурасының талабы негізінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы құрылыс салушыға қатысты Кодекстің 320-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, қалалық мамандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 721 500 теңге айыппұл салынған. Қала тұрғындарының назарына тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасудан бұрын құрылыс салушы әкімдіктің тиісті рұқсатты немесе «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ-мен кепілдік беру туралы шарты барын ескертеміз», - делінген мәлімдемеде.