Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкенттік азаматқа айыппұл салынды

0
1 106

Оған 2 778 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкенттік азаматқа  айыппұл салынды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы республикалық «Стоп-игра» жедел іс-шарасы барысында, «Сайрам» тұрғын алабы және «Алаш» базары аумақтарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастырған азаматтың заңсыз іс-әрекеті әшкереленді.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1000 АЕК (2 778 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленіп алынған айғақты заттар (3 телевизор, 24 жүйелі блок, 24 монитор және басқа да құрылғылар) мемлекет меншігіне өтті.