“Зардап шеккендер бар: Шымкентте қоймадан өрт шықты

0
434

Өрт салдарынан 280 шаршы метр алаңда шатырдың жануы орын алды.


“Зардап шеккендер бар: Шымкентте қоймадан өрт шықты

Шымкентте бір қабатты қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 21 мамыр күні Тұран ауданы Ломоносов көшесі бойындағы жалпы ауданы 2400 шаршы метр құрайтын бір қабатты қоймада болған.

Өрт салдарынан 280 шаршы метр алаңда шатырдың жануы орын алды.

Өрт сағат 16:20-да оқшауланып, 16:32-де сөндірілді. Өртті сөндіру барысында апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері 1983 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның сол қолы 6% күйік шалған. Өрттің себебі анықталуда”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 50 адамы және 11 техникасы және Апаттар медицинасы орталығы филиалының 4 адамы жұмылдырылды.