Жалған адвокат: шымкенттік тұрғын 7 млн теңгесінен айырылып қалған

0
522

Жалған адвокат оған адимент өндіріп бермек болған.


Жалған адвокат: шымкенттік тұрғын 7 млн теңгесінен айырылып қалған

ERNUR.KZ. Шымкентте алимент өндіріп беремін деген жалған адвокат жергілікті тұрғыннан 7млн теңге жымқырған.

Алаяқтық фактісін тергеу амалдары «өзін адвокат ретінде таныстырып, бұрынғы күйеуінен баланы асырауға алимент өндіріп беремін» деп уәде еткен ер адам туралы жергілікті тұрғынның арызынан басталды.
Қаскүнем өз қызметін 7 миллион теңгеге бағалаған. Оған сенген азаматша ақысын төлеп, есесіне ешқандай заң көмегін алмаған. Ал, қомақты қаржыны иеленген алаяқ байланысқа шығуды түбегейлі тоқтатқан.
Жедел уәкілдер іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осыған байланысты, тәртіп сақшылары мұндай қылмыстардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша бермеуді ескертеді.