Жалғызбасты ананың үйі өртеніп кетті

0
1 218

Өрт оқиғасы​ 15 қараша күні таңертең тіркелген.


Жалғызбасты ананың үйі өртеніп кетті

Шымкентте 48 жастағы жалғызбасты ана үйі өртеніп кетіп баспанасыз қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өрт Шымкент қаласы Қайнар бұлақ саяжайы, Энергетиктер тұрғын алабы, Строжевая көшесіндегі үйлердің бірінде шыққан.
Өрт оқиғасы 15 қараша күні таңертең тіркелген. Жалғызбасты ана таңғы сағат 7.30. шамасында үйде қалған қызын тоңып қалмасын деп пеш жағып жұмысқа кеткен. Көп ұзамай пештің мұржасы тартпай үйдің іші көк түтінге оранған. Тілсіз жау 110 шаршы метр үйдің 20 ш.м және 16 ш.м екі бөлменің төбе жаппасын шарпыған. Үй заттары өртеніп кеткен.
Көршілерінің айтуынша, үйде қалған 10 жастағы қыз баланың мүмкіндігі шектеулі.

"Үй иесі текстиль фабрикасында қосылқы жұмысшы боп істейді. Күйеуі осыдан бірнеше жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған. Бүгінгі таңда үйде қызы екеуі ғана тұрады. Жалғызбасты ананың жан дегенде жалғыз қызының мүмкіндігі шектеулі. Туғанда мойын омыртқасы қисайған. Осы уақытқа дейін Гулмира қызын емдете алмай, мүгедектікке берілетін жәрдемақысын да ала алмай жүр", - дейді көршісі.

Үй иесі өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеті нәтижесінде қызының аман қап, тілсіз жау дер кезінде ауыздықталғанын айтады.

"Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы мен жеке құрамында 24 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 08:31-де оқшауланып, 08:54-те толығымен сөндірілген.
Оқиға орнында үйдің егесі өрт сөндірушілердің уақытылы келіп, өртті сөндіргенін айтты. ТЖ мамандарына қызының және өзінің денсаулығы жақсы деп, медициналық көмек қажет еместігін мәлімдеді. Сондай-ақ, оқиға орнына шақыртылған жедел жәрдем бригадасы 2008 ж.т. қыздың денсаулығын тексеріп, жағдайы жақсы екендігін растады.
Оқиға орнынан өрт сөндірушілер кеткеннен кейін, 2008 ж.т. қыздың анасы өзі жедел жәрдем шақыртып, профилактика ретінде ауруханаға апарған. Қазіргі таңда қыздың жағдайы жақсы",
- деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.