Жаңа қаулы: Шымкентте ертеңнен бастап карантин жеңілдетіледі

0
432

«Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты ұзартылады.


Жаңа қаулы: Шымкентте ертеңнен бастап карантин жеңілдетіледі

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында ертеңнен бастап карантин жеңілдетіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.

Жаңа қаулыға сәйкес, 28 тамыздан бастап демалыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына сағат 00:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02:00-ге дейін рұқсат етілді.

30 тамыздан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 22:00-ден 00:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылады.

Сонымен қоса, сенбі күндері қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат етілді.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін шектеумен, («Ashyq» жүйесіне тіркелген болса, қалыпты режимде) сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес) жұмысына тыйым салынды, егер «Ashyq» жүйесіне тіркелген болса, қалыпты режимде жұмыс істейді.