«Жаңа өмір»: Шымкентте шағын футболдан турнир өтті

0
452

Турнирге жалпы 10 команда қатысты.


«Жаңа өмір»: Шымкентте шағын футболдан турнир өтті

Шымкент қаласында 30 тамыз - ҚР Конституциясы күніне орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Жаңа өмір» жобасы аясында өткен турнирге жалпы 10 команда қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша салтанатына марапаттауға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратжан Шотанов пен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының Бауыржан Тұманбаев қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

Турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді. Сонымен қатар әртүрлі аталымдар бойынша үздік атанған ойыншылар да марапатталды.

«Жаңа өмір» жобасы аясында «Отбасы банк», кәсіпкерлер палатасы, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 500 жасқа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 жылдығына орай, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен М.Әуезов атындағы ОҚУ жастар орталығының бірлесіп, ұйымдастыруымен жастар арасында «Ата заңым-айбыным» атты пікірсайысы өтті.

Аталған пікірсайыстың мақсаты - азаматтық жауапкершілігі зор, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру. Жастардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі орны мен ролін арттыру. Жастар мен қоғам белсенділері арасында пікірсайыс алаңын құру.

Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткен пікірсайыста Қазақстан Республикасының Конституциясының әр бөлімдеріне жеке тоқталып және Қазақстан жастарының басты проблемасы, жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну жолдары тақырыпқа негіз болды.

Пікірсайыс барысында билік тармақтарының өкілеттігінен бастап, азаматтардың құқығын қорғауға дейінгі барлық мәселелер және жастар саясаты жөнінде тұшымды ойлар айтылды. Сондай-ақ, дебат соңында ойыншылар барша көрермен жастарды елдің саяси өміріне белсене араласып, азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға өз үлестерін қосуға шақырды.