«Жас өнерпаз»: Шымкентте бүлдіршіндер арасында байқау өтті

0
591

Байқауға мектепке дейінгі 31 ұйымнан 57 тәрбиеленуші қатысты.


«Жас өнерпаз»: Шымкентте бүлдіршіндер арасында байқау өтті

Шымкентте Қазақстан Тәуелсіздігің 30 жылдығына орай, Қаратау дәстүрлі өнер мектебі МКҚК базасында, Дарын орталығының жылдық жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында қалалық «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Байқауға мектепке дейінгі 31 ұйымнан 57 тәрбиеленуші қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаттары:
- балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі әндерді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу;
- өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу;
- ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.
Шығармашылық байқау соңында «Шымкент қаласының Дарын орталығы» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызы байқауда алған әсерімен бөлісе отыра, қатысушыларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.