"Жастардан-жастарға": Шымкентте жастар арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

0
240

Аталған жобаның мақсаты - жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру.


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әрі 30 тамыз Конституция күні қарсаңында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы «Жас Отан» жастар қанатының қатысуымен "Жастардан-жастарға" ақпараттық керуен жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жобаның мақсаты - Шымкент қаласы, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында орналасқан шалғай елді – мекендердегі жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу және NEET санатындағы жастар үлесін азайту.

Жобаға «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мамандары, «Отбасы банк» АҚ – мамандары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді жастары және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен «Жастардан – жастарға ақпараттық керуен» жобасына арнайы құрылған мобилді топ қатысты.