«Жасыл қала»: Шымкентте 15 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды

0
406

Сенбілікке 600-ге жуық қызметкер қатысты.


«Жасыл қала»: Шымкентте 15 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды

Шымкент қаласында «Жасыл қала» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Акция аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Шымсити» және «Тұран» шағынауданындары аумағына сенбілік ұйымдастырылып, арық-атыздар, аулаларда тазалық жұмыстары жүргізіліп, 15 000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар мен Қаратау ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері жалпы саны 600-ге жуық қызметкер қатысып, 6 техника жұмылдырылды.