​Желіде өзінен 18 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан қалыңдықтың видеосы тарады

0
2 873

Қалыңдық 1976 жылғы, ал күйеу жігіт 1994 жылғы екен.


​Желіде өзінен 18 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан қалыңдықтың видеосы тарады

ERNUR.KZ. Желіде күйеу жігіт пен қалыңдықтың үйлеу тойынан видео тарады. Көпшілік ер адамның жұбайынан едәуір үлкен көрінетінін айтып, оларды қызу талқыға салған, деп жазады NUR.KZ.


Ғаламторда таралған ақпаратқа сүйенсек бейнежазбадағы қалыңдық 1976 жылғы, ал күйеу жігіт 1994 жылғы екен. Оған қоса, желі оқырмандарының жазуынша, жас айырмашылығы 18 жас жұбайлардың үйлену тойы Шымкентте болған.

Желідегі кереғар пікірлерге қарамастан ерлі-зайыптылардың бақытты екенін, тіпті олардың бірге ән айтқанын да байқауға болады.

Сондай-ақ, көпшілік сүйіктісінің көйлегін көтеріп, оған қамқорлық танытқан күйеу жігіттің әрекетіне сүйсінгенін де жарыса жазуда.