Жеңілдетілген шағын несие: Шымкентте "Ашық есік" күні өтті

0
527

Аталмыш шараның мақсаты - кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеке ісін ашу үшін жағдай жасау.


Жеңілдетілген шағын несие: Шымкентте

Бүгін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «Көрме» орталығында жастарды кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру бойынша «Ашық есік» күні өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш шараның мақсаты - кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеке ісін ашу үшін жағдай асау.
Микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау, оны кеңейту үшін мақсатында беріледі. Бұл жаңадан кәсіп ашқандар мен кәсібін әрі қарай дамытамын деген жастарға таптырмас мүмкіндік.
Маңызды шара аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастарды шағын несиелеу бағдарламасына қатысу яғни жастарға арналған жеңілдетілген 2,5% несие бойынша түсіндіру және несиелеу шарттарымен таныстырылды. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бұрышының мамандары кеңес берді.
Сондай-ақ, сұранысқа ие кәсіп түрлері, бизнес план жасауға арналған басты қағидалар бойынша тренинг жүргізілді.
Ашық есік күніне қатысқан жастарға конкурстық комиссияның шешімімен үздік деп танылған жас кәсіпкерлердің бизнес-жобаларына микрокредит алу мүмкіндігі, микронесиенің бұл жаңа түрі жастар кәсіпкерлігін дамытуға тың серпін беретіні туралы кеңінен насихатталды.
Биыл Шымкент қаласы бойынша 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 261 жастарға 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып отыр. Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру тетігін іске қосуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында бірнеше әлеуметтік қолдау көрсетілуде.