Жолаушылар көлік иесін пышақтап, мәйітін өртеп жіберген

0
1 204

Күдіктілер анықталып, ұсталды.


Жолаушылар көлік иесін пышақтап, мәйітін өртеп жіберген

ERNUR.KZ. Шымкентте екі ер адам жолаушы болып мінген көліктің жүргізушісін пышақтап, ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген, деп жазады Polisia.kz.

18 қазан 2020 жылы шамамен сағат 11.00-де Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның кезекші бөлімінің “102” сымтетігі арқылы Түркістан көшесінің бойында “Дэу Нексия” маркалы, ақ түсті, мемлекеттік белгісі жоқ автокөлігі иесіз тұрғандығы жөнінде хабарлама түскен.

Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен екі дана ойыншық тапанша, бір метр темір арматура, екі дана автокөліктің мемлекеттік белгісі және бір дана тізесі тұсында қызыл түсті қан дақтары бар көк түсті ер адамның джинсы шалбары анықталған.

Сол күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.



Жедел іс шараларын жүргізу барысында аталған көлікке жолаушы болып отырған екі ер азамат, көлік иесіне пышақ жарақатын салып, Ақ тас елді мекенінде орналасқан қоқыс тастайтын жерге (свалка) апарып, қылмыстық әрекетінің ізін жасыру мақсатында сол жерде мәйітті өртеп жібергені анықталды. Күдіктілер анықталып ұсталды, олар 1994 және 1998 жылы туған Түркістан облысының тұрғындары