Ж.Түймебаев тал еккен шатқалды қиратып жатыр

0
1 102

Жайқалып тұрған алқапты тас — талқан еткен құрылыс компаниясы басшыларының айтуынша олар жер телімін 2006 жылы 20 жылға жалға алған екен.


Ж.Түймебаев тал еккен шатқалды қиратып жатыр

ERNUR.KZ. Шымкентегі шатқалдардың болашағы бұлыңғыр. 2017 жылы «Шатқал » бағдарламасы арқылы ағаш көшеттері отырғызылған жер телімдерінің көпшілігі жеке меншіктің иелігінде болып шықты. Ауа райының жауын шашынына қарамастан облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірлесіп жүріп отырғызылған ағаш көшетері мен оған жүргізілген су жүйелері талқандалып жатыр, деп жазады otyrar.kz.

2017 жылы сол кездегі облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен Шымкент қаласында «Шатқал» бағдарламасы қабылданған еді. Соның бірі Қ. Төлеметов және Қ. Өтегенов көшелерінің қилысындағы 6 гектар аумақты алып жатқан алқап. Енді осы жерге 21 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілмек. Ал кезінде қала тұрғындары жалпы сенбілікте еккен ағаш көшеттері мен суару жүйелері тас -талқан болып жатыр.

Рәшкүл Оспанәлиева мен Н Әбішовтың атындағы шатқалда 10 мың түп ағаш егіліп, екі ұңғыма қазылған.

Жайқалып тұрған алқапты тас — талқан еткен құрылыс компаниясы басшыларының айтуынша олар жер телімін 2006 жылы 20 жылға жалға алған екен. Кейін бірнеше мәрте өзгертулер енгізіліпті. Соңғы мемлекеттік акті 2019 жылы рәсімделген және көпқабатты үй саламыз деп жоспарлапты.

Шахи Уали, компания басшысы: «Бұл жерге шатқал егілгенде біз білмедік жер біздің шекарада екендігін. Кейін қарасақ біздің жер екен. Сосын қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасындағыларға көшеттер мен су жүйесін алып кетіңдер не өз есебімізден ауыстарымыз деп уәде бердік, бірақ олар келмеді» .

Осы шатқалдарды күтіп ұстау үшін 1 милиард теңгеге жуық қаражат жұмсаған. ЭТҮКШ басқармасындағылардың айтуынша облыс және қала әкімінің тапсырмасына сай, шатқал үшін бөлінген 124 гектар алқаптағы жеке меншікке рәсімделген жер телімдерін Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімі мемлекет қажетілігі үшін қайтаруы тиіс болатын. Өкінішке қарай ол тапсырма орындалмаған.

Көпшіліктің еңбегі мен бюджеттің қыруар қаржысы жұмсалып жасалған шатқалдардың талқандалуы мұныменен тоқтамайтын секілді. Себебі өз міндетіне немқұрайлы қарайтын шенеуніктер 7 шатқалдағы жеке меншікке рәсімделген жер телімдерін мемлекетке қайтаруға асығар емес.