Жүрегі тоқтап қалған: шымкенттік мектептердің бірінде оқушы қайтыс болды

0
523

Жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл (экстренный) жәрдем шақырған.


Жүрегі тоқтап қалған: шымкенттік мектептердің бірінде оқушы қайтыс болды

көрнекілік үшін сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы №48 мектепте қайғылы жағдай орын алды.

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №48 жалпы орта мектебінде 2024 жылдың 11 қаңтар күні 11.00-де дене шынықтыру сабағы барысында 11.06.2010 жылы туылған 8 «А» сынып оқушысы есінен танып құлаған.


Мектеп медбикесі Розиева Гулжамал спорт залға жылдам жетіп алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл (экстренный) жәрдем шақырған. Алайда, шұғыл (экстренный) жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болған, дееп мәлімдеді Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.


Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қайтыс болған оқушы отбасының ортаншы перзенті болған.