“Жүргізушіні ара шаққан”: Шымкентте жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кетті

0
1 094

Ол өзін нашар сезініп, көлікті игере алмай қалған.


“Жүргізушіні ара шаққан”: Шымкентте жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кетті

сурет: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды
Шымкентте автобус жүргізушісі көлікті игере алмай жол шетіне шығып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға Т.Рысқұлов пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында орын алған. Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында жүргізуші өзін ара шағып алғандықтан нашар сезініп, көлікті игере алмай жол шетіне шығып кеткендігі анықталды.

“Ер адамға медициналық көмек көрсетілді. Аталған жайттың салдарынан зардап шеккендер жоқ”, - делінген баспасөз хабарламасында.