12 жастағы қыздар MMA жарысында төбелесті

0
1 608

Жас қыздардың айқасын ұйымдастыруға олардың ата-аналарынан өтініш білдірілген екен.


12 жастағы қыздар MMA жарысында төбелесті

ERNUR.KZ. Conquest of the Cage Krem 2 аралас жекпе-жек бойынша жарыс АҚШ-тың Вашингтон штатында өтті, деп хабарлайды ktk.kz.

12 жастағы екі қыздың кездесуі кештің ең басты оқиғасы болды. Жекпе-жекте Дарина Глассбер мен Лола Попадатос күш сынасты. Жас қыздардың айқасын ұйымдастыруға олардың ата-аналарынан өтініш білдірілген екен. Себебі ұйымдастырушы тараптың өзі бұл ойдан бас тартқысы келген. Лоланың анасы Синди Дандуа кәсіпқой тұрғыда MMA-мен айналысады екен. Балалардың кезедсуі аралас жекпе-жектің әуесқой ережелері бойынша өтті. Ереже бойынша бастан және шынтақпен ұруға тыйым салынған.12 жастағы қыздар бірін-бірі ұрмай, жекпе-жек бастала салысымен күресе кетті. Нәтижесінде Лоланың жеңісімен аяқталған.