1,4 миллион еуро тұратын футболшы "Қайраттың" орнына испаниялық клубқа ауысады

0
219

Бұған дейін ол Ресей біріншілігінде де ойнаған.


1,4 миллион еуро тұратын футболшы

ERNUR.KZ. "Қайрат" сапына ауысуы мүмкін деген сенегалдық қорғаушы Хали Тиам "Левски" клубымен келісімшарты аяқталған соң алматылық клубқа емес, испаниялық "Альбасете" сапына ауысуы ықтимал, деп жазады vesti.kz.

Футболшының агенті оны Испанияның екінші дивизионында (Сегунда) өнер көрсететін
ұжымға ұсынып көрген. Қазір келіссөз жүріп жатыр екен. Бірақ футболшыға басты үміткерлердің көшін "Қайрат" бастап тұр.

Тиамның "Левски" клубымен келісімшарты 2 шілде күні аяқталды. 26 жастағы жартылай қорғаушы команда сапынан ертерек кетіп қалған.


Қорғаушы "Левски" сапында екі жыл өнер көрсетті. Бұл команданың сапында ол 61 кездесуге қатысып, төрт гол соққан. Оның алдында мәскеулік "Динамо", түркиялық "Газиантепспор", америкалық "Чикаго Файр", венгриялық МТК және "Ракоци", сенегалдық "Дакар" клубтарының намысын қорғаған.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет